2021 жылы 19 қарашада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Сатымбекова.Т ұйымдастыруымен коледж педагог-психологтеріне «Тәжірибе алмасу» семинары өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 20 педагог-психолог қатысты.
Семинардың мақсаты – әріптестер арасында жаңа идеялармен тәжірибе алмасу.
Семинар бағдарламасында «Тұран» колледжінің педагог-психологі Хамзина Кулпан Мухтарқызы «Нормативтік құжаттарды жүргізу» туралы баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Құжаттар жүргізудегі туындайтын мәселелер бойынша тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Бірінші курс студенттерінің адаптациясын ұйымдастыру кезінде қолданатын методикаларына тоқталды.
Тәжірибелік бөлімінде «Өзіме жол» тақырыбында шеберлік класс ұсынып, Психологиялық тренинг арқылы, адамның өзін тануын қалай ұйымдастыруға болатынын көрсетті.
Семинар соңында «Бүгінгі оқыту семинары жайында –өз ойыныз?» деген сұраққа рефлексия жасау арқылы , педагог-психологтердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Қызықты әрі тартымды көрсетілген тренингтерді психологтер іс- тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін жетілдірді.
Қызықты әрі тартымды көрсетілген тренингтерді психологтер іс- тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін жетілдірді.