5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың республикалық кезеңі

2021 жылдың 13 желтоқсан күні экономикалық лицейде 5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Оқушылар математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі, жаратылыстану пәндерінен өз білімдерін сынады.
Республикалық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық кезең жеңімпазы атанған 18 оқушы қатысты.
Елордалық жас зияткерлер олимпиадада сәтті өнер көрсетіп, төмендегідей орындарға ие болды.
І орын-Миразимов Сайдамин, 5 сынып
№62 МЛ-орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі;
Курман Мади, 5 сынып Х. Ж. Садуақасов атындағы Елордалық мектебі-орыс тілі;
Искакова Амина, 5класс №83 МГ-қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі;
Бекім Мерей, 6 сынып, №59МЛ-жаратылыстану.
ІІ орын-Ағыбаев Ануар, 6 сынып №66 МЛ-математика;
Сайдигани Рамазан, 5 сынып, №67 Г-қазақ тілі.
ІІІ орын-Косырев Ярослав, 6 сынып, экономикалық лицей-орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі;
Кусаинбеков Айтур, 5 сынып, экономикалық лицей;
Искаков Нуртас, 6 сынып, №85МЛ-Қазақстан тарихы;
Айтжанова Ания, 6 сынып, №82 «Дарын» Л-қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі;
Сабыржан Айша, 6 сынып, №56МЛ-қазақ тілі;
Қожахмет Маулен, 5 сынып, «Нұрорда» лицейі-жаратылыстану;
Арыстанбек Айша, 5 сынып, №82 «Дарын» Л.-жаратылыстану;
Ягмуров Ален, 5 сынып «Орталық экономикалық мектебі.
Барлық жеңімпаздарды және жетекшілерін олимпиададағы жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!