Оқушылардың ғылыми сайысы – тестілеу

     Ағымдағы жылдың  14 – 15 желтоқсан күндері Нұр - Сұлтан қаласы № 60 мектеп - лицейінде  жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалардың қалалық кезеңінен өткен оқушылар тестілеуден өтіп жатыр.  Тестілеу 4 кезеңнен тұрады.  Тестілеуге таңдау бағыты пәні бойынша елордалық 254 оқушы қатысып жатыр.  Өту ұпайын жинаған оқушылар келесі кезеңге өтеді.

    Елордалық жас зерттеушілерге тестілеуден, республикалық сараптамадан сүрінбей өтіп, республикалық кезеңде жақсы өнер көрсетулеріне тілектеспіз!