«Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» семинары

2021 жылғы желтоқсан айының 14 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы химия  пәні мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жалпы білім беру пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша «Астана дарыны» ДДжПСО-ның рейтингіне енген 20 елордалық мектептерден  информатика пәнінің 25 мұғалімі қатысты.

Семинарда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ химия кафедрасының PhD докторы, №6 гимназияның химия пәні  мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылрға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге     «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы атынан сертификат  беріледі.