Информатика пәнінен Xlll Еуразия олимпиадасы

Информатика пәнінен
Xlll Еуразия олимпиадасы 2021 жылдың желтоқсан айының 11-12 күндері Алматы қаласы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде өтті.
Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен ынтымақтастық келісімшарты негізінде бірлесіп өткізілген олимпиаданың мақсаты есептеу ғылымдары саласында талантты, шығармашылық қабілеті жоғары жастарды анықтау, оқугылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру және ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.
Жыл сайын олимпиада іріктеу мен соңғы қорытынды тур бойынша ұйымдастырылады.
Нұр-Сұлтан қаласынан екі команда дарынды ер балаларға арналған «БИЛ» және бір команда «NURORDA» мектеп-лицейінен, барлығы 3 команда іріктеуден өтіп, соңғы турға қатысты.
Қатысу нәтижесі бойынша елордалық оқушылар жүлделі орындарға
«NURORDA» мектеп-лицейі күміс медаль, «БИЛ» (ер) қола медаль иеленді.
Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!