«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясында№ 62 мектеп-гимназиясы оқушыларымен кездесу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бастамасы бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімімен 2021 жылғы 13 желтоқсанда № 62 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық: қалай құрбан болмау керек?» тақырыбында  интерактивті дәріс өткізілді. Іс-шараға 8 сынып оқушылары, барлығы 38 адам қатысты.

Мақсаты: оқушылардың назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасына, сондай-ақ олардың әлеуметтік және психикалық денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың теріс әсеріне аудару.»Астана дарыны» ДДжПС ғылыми кеңесшісі, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко кездесу барысында оқушылармен бірге «зорлық-зомбылық» ұғымының мәнін тұжырымдап, оның негізгі нысандарын (физикалық, жыныстық, психикалық) қарастырды, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл, ашуды, зорлық-зомбылықтың кез-келген нысандарының белгілерін, себептері мен салдарын басқару техникасымен таныстырды.  Оқушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.