«Fan Robotics» қалалық конкурсы

2021 жылдың 11 желтоқсанында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Тәуелсіздікке және мектеп-гимназиясының 10 жылдығына орай «Fan Robotics» атты қалалық робототехника байқауы ұйымдастырып, өткізді.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу робототехникасын кеңінен насихаттау, инженерлік дағдыларды қалыптастыру.

Конкурсқа елордалық 29 мектептен 10-16 жас аралығындағы (4-10 сынып оқушылары) 75 жас дарын қатысты.
         Жарыс екі жас тобында өткізілді:

  • 10-13 жастағы оқушылар;
  • 14-16 жас аралығындағы оқушылар.

Жарыстың түрлері:

1. «Сумо мини»

2. «Лабиринт»

3. «Кегельринг»

4. «Қызыл түс, жасыл түс»

Конкурсқа қатысушылар логикалық басқару принциптеріне негізделген микропроцессорлық тақталар (Arduino, LEGO және т.б.) негізінде құрастырылған роботтарды пайдаланды.

Жалпы роботтар кез келген ықтимал бағдарламалау ортасында бағдарламаланады. Роботтық модель автоматты басқару және автоматтандыру принциптеріне негізделген. Бақылау түрі шешілетін мәселе бойынша анықталады.

         Жүлделер төмендегі номинациялар бойынша бөлінді:

1 орын – Шакенов Жахангир (кегельринг), Сәбитқызы Аяулым (қызыл түс, жасыл түс) – №87 МГ; Ждаморова Ариана (лабиринт) – №41 ОМ; Қайыргелді Ерсұлтан (қызыл түс, жасыл түс), Есенғали Диас (лабиринт) – №68 МГ; Ермұхаметов Жалил (кегельринг) – №75 МГ; Ерқасым Нұрсұлтан (сумо мини) – №4 МГ; Алимов Алихан (сумо мини) – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі.

2 орын – Шоқан Батырхан (қызыл, жасыл) -№58 МГ; Нұрдәулет Сағи (қызыл түс, жасыл түс) – №83 МГ; Мықтыбай Санжар (лабиринт) – «Алпамыс» мектебі; Нәби Азамат (кегельринг) – Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы, Қарабалин Әлібек (лабиринт), Қалабай Мадияр (кегельринг) – № 38 МЛ; Шуба Тихон (қызыл түс, жасыл түс) – №75 МГ; Вотякова Виктория (сумо мини) – №3;1; Жаңаберген Бақдәулет (сумо мини) – № 68 МГ.

3 орын – Дусимбек Санжар (кегельринг), Максимов Санжар (лабиринт)-  №58 МГ;  Гусманов Ильяс (лабиринт), Аманов Тамерлан  (кегельринг)– №88 МЛ; Серик Хамза (қызыл түс, жасыл түс) – «Алпамыс» мектебі, Пшембаев Нурсултан (кегельринг) –  №41 ОМ; Шевченко Ратибор (кегельринг), Новиков Андрей (лабиринт)– №6 Г; Женисканова Жанна (қызыл түс, жасыл түс)- №38 МЛ; Толегенов Алихан (лабиринт), Бусурманов Еркебулан (қызыл түс, жасыл түс) – №9  «Зерде» ММ; Сулеймен Умар (қызыл түс, жасыл түс) –№62 МЛ; Дильшат Улагат (Сумо мини)- №58 МГ; Бахит Рамазан (сумо мини); Юдин Ярослав (сумо мини) – № 27 МЛ; Павлюков Кирилл (сумо мини)- № 62 МЛ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекшілерін жүлделерімен құттықтаймыз!