VІ Халықаралық мегаполистер олимпиадасы жалғасуда

Білім жарысының алғашқы жаңалықтарымен бөлісуге асықпыз!
Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары командасы олимпиадаға қатысқан 34 команда арасында пәнаралық блиц-турда командалардың өнер көрсету тізімінде 11 орынға көтерілу арқылы «Блиц-конкурсының қорытындысы» рейтингінде лауреат (prize – winner) атанды.
Елордалық олимпиада блиц-турдан және екі негізгі жарыстан тұрады.
Блиц-раунд кезінде әр командаға 80 тапсырма ұсынылады, бұнда дұрыс шешімдер ғана емес, жылдамдық та маңызды: қатысушыларға небәрі екі сағат беріледі.
Ер балаларға арналған БИЛ мен NURORDA мектебінің оқушыларынан құралған елордалық команда 2021 жылдың 6 желтоқсанында басталған мегаполистердің VI олимпиадасында математика, информатика, химия және физика пәндері бойынша білімдерін сарапқа салуда.
Оқушыларымыздың Олимпиада сынынан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз!