«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясында өткен вебинарлар

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен Білім басқармасының бастамасы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі 2021 жылғы 2-15 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының полиция департаменттері өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қоғамының назарын жас ұрпақтың зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан қорғауға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау мақсатында вебинарлар сериясы өткізді.
2021 жылғы 8-9 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласы Есіл және Сарыарқа аудандарына қарасты мектептерде ата-аналар қоғамының өкілдерімен «Жастар арасында зорлық- зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары», «Отбасындағы зорлық – зомбылық қарым-қатынас туралы. Әр ата-ана нені білу керек?» тақырыбында вебинарлар өтті.
Вебинар YouTube-те таратыла отырып, ZOOM интернет-конференциясында онлайн режимінде өткізілді.
Вебинардың мақсаты – құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыруға, салауатты өмір салтын сақтауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болашақ ұрпақ мүддесін ойлауға үйрету бойынша ата-аналарға әдістемелік тұрғыда бағыт беру.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскер Л.Ж. Бодикова, педагог-психолог Т.С. Сатымбекова ата-аналарды қатыгездіктің негізгі түрлерімен: физикалық, жыныстық, психикалық зорлық-зомбылық туралы, қорғаншылықтың болмауымен, олардың белгілерімен, балалардың тұлғалық дамуының себеп – салдарымен таныстырды. Балаға қатыгездік көрсету ата-аналарды (олардың орнындағы адамдарды) отбасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін екенін ескертті. Ең бастысы отбасындағы баланың денсаулығын, өмірге деген көзқарасын, құқығын қорғау, оларды зорлық-зомбылықтан сақтау туралы ата-аналар көптеген мәліметтер алды. Қатысушылар осы мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Есіл және Сарыарқа аудандары бойынша вебинарға ZOOM алаңында 87, youtube каналында 184, барлығы-271 ата-ана қатысты.