Қалалық семинар

2021 жылдың 09 желтоқсаны күні Нұр- Сұлтан қаласы «Н.Әбдіров атындағы №33 «балабақша- бастауыш мектеп» кешенінде «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік патриоттық тәрбиелеуде жобалау қызметінің тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен ынтымақтастық орнату, іс -тәжірибе бөлісу.
Аталған семинарға Байқоңыр ауданы мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері, психологтері және «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің жетекшісі мен Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері қатысты.
Семинар бағдарламасы бойынша №33 «балабақша- бастауыш мектеп» кешені» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сабира Кендебаевна және әдіскер Алмагуль Амантаевна мектептің жалпы тарихы, оқу- тәрбие үрдісінде жеткен жетістіктері, алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп өтті.
Балалардың қатысуымен «Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз» атты музыкалық композиция көрсетілді. (Жетекшісі Г. Алпысбаева).
Мектептің педагог – психологі, Республикалық «Үздік жыл психологі» сайысы қалалық кезеңінің жеңімпазы Алия Аренова семинарға қатысушылармен «Біз біргеміз – берік іргеміз» атты позитивті, танымдық жағынан мағыналы квест- тренинг өткізді.
Бағдарламаға сай секция жұмыстары ұйымдастырылды:
«Асық- ұлттық құндылықтарымыздың асыл қасиеті»( А.Хансолтан)
«Біз -Нүркеннің мұрагерлеріміз: жобалау қызметі» (А.Белявская)
«Бақыттымыз бәріміз» психологиялық дамыту ойындары (А.Аренова).
«Скалодром ойындары» кіріктірілген оқу қызметі (Ж. Ильясова, Ч. Сұнхар)
Шеберлік сыныпта «Сурет салудың сиқырлы әлемі» дәстүрден тыс сурет салу техникасы бойынша тәрбиешілер Д.Искакова және Ә. Айтикова өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс- шараның маңыздылығын, квест- тренинг, секцияда жүргізілген ашық сабақтар мен шеберлік сыныптан алған оң әсерлерін, іс – тәжірибе алмасудың әдістемелік тиімділігін атап өтті.
Семинар жұмысы қорытындыланып, ашық сабақтар көрсеткен педагогтерге сертификат табысталды.