І қалалық «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты оқушылар айтысы

2021 жылдың 10 желтоқсанында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы мен «Zharkyn Smart school» жеке мекемесі бірлесе отырып, жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту, айтыс өнерін дәріптеу, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған І қалалық «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты оқушылар айтысын өткізеді.

Жүрегіне өлең ұялаған жас дарындарымызға сәттілік тілейміз!