Физика, математика химия пәндерінен халықаралық «Таланттарды даярлау зертханасы» олимпиадасы

2021 жылғы 6-9 желтоқсан аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде оқушыларға арналған халықаралық «Таланттарды даярлау зертханасы» олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Армения, Тәжікстан, Қазақстан т.б. елдердің командалары қатысты.
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балалардың зияткерлік дамуына қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу боп табылады.

15 жасар жас зияткерлер бұл олимпиадада физика, математика, химия пәндерінен өз білімдерін таразыға салды.
Қазақстан құрамасы намысын Нұр-Сұлтан, Павлодар, Тараз қалаларының оқушылары қорғады.
Жоғары нәтиже көрсеткен екі оқушы Олимпиада жүлдегерлері атанды, екі үздіктің біреуі Нұр-Сұлтан қ. «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Олжас Мақажанов күміс медаль иеленді.
Қатысушыларды және олардың жетекшілерін олимпиада жүлдесімен құттықтаймыз!