Оқу-жаттығу жиындары

28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында «Дарын» РҒПО бастамасымен алғаш рет 8-9 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден биология, география, информатика, математика, физика және химия) оқу-жаттығу жиындары өтті.

Оқу-жаттығу жиындары  жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар үшін өткізілді. ОЖЖ-ның негізгі мақсаты олимпиадалық рух пен балалардың жеңіске деген сенімін қолдау, мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне сапалы дайындықты жүзеге асыру боп табылады.

Топ жетекшілері ретінде балаларды пәндік олимпиадаға дайындайтын пән мұғалімдері шақырылды.

Секциялар бойынша сабақтарды Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-нің жас ғалымдары, Назарбаев Университетінің магистранттары мен оқытушылары, жоғарыда аталған пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары жүргізді.

Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша физика пәнінен No9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9-сынып оқушысы Мақсұт Әлиханға және география пәнінен №53 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Беркінбаева Камшатқа түрлі сыйлықтар мен топ жетекшісі Дарменбаева Балнур Бакытовнаға сертификат берілді.