«ProEco» республикалық конкурсы

2021 жылдың 7-9 аралығында Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында «ProEco» конкурсының республикалық кезеңі 4 бағыт бойынша өтеді:
1 бағыт-«Туған өлке табиғаты»;
2 бағыт-«Мені қоршаған әлем —ғажайып әлем»;
3 бағыт-«Үздік экологиялық бастама»
4 бағыт-«Таза қала сізден басталады».

Конкурстың мақсаты-оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру.

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық кезеңде 1 орын алған оқушылары өз жұмыстарымен республикалық кезеңде бақтарын сынайды:
«Туған өлкенің табиғаты»-Ашкен Тоғжан, #66 МЛ;
» Үздік экологиялық бастама»-Серік Еңлік, #64 МЛ;
«Таза қала сізден басталады»-Тұрғазы Арайлым, #92 МЛ.
Оқушыларымызға сәттілік және жүлделі орындар тілейміз!