2021 жылғы желтоқсан айының 7 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткен 27 елордалық мектептерден информатика пәнінің 30 мұғалімі қатысты.
Семинарда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының аға ғылыми қызметкері, №60 мектеп-лицейінің, «Орталық» экономикалық мектебінің информатика пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылрға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы атынан сертификат беріледі.