VI халықаралық мегаполистер олимпиадасы басталды

2021 жылдың 6-13 желтоқсан аралығында VI мегаполистер олимпиадасы өтеді.

Мегаполистер олимпиадасы – Мәскеу қаласы мэрінің бастамасымен жыл сайын өткізілетін халықаралық командалық жарыс. Білім жарысы дәстүрлі түрде екі негізгі кезеңді және пәнаралық командалық блиц-раундты қамтиды.

14 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары бөлінген форматта жарысады – командалар математика, информатика, химия және физика бойынша әркім өз қаласында білімдерін сынай алады.

Елордалық мектеп оқушылары жыл сайын осы олимпиадаға қатысып, табысқа кенеліп, жоғары көрсеткіштерімен жүлделі орындарға ие болып келеді.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының атынан әр пән бойынша екіден жалпы 8 оқушыдан тұратын команда қатысуда,  олардың бәрі де –  ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі мен «НҰРОРДА» мектеп-лицейінің жас дарындары.

Елордалық командаға олимпиадада лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуларына тілектестік білдіреміз!