Биология пәні мұғалімдеріне арналған семинар

                 2021 жылғы желтоқсан айының 6 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы    биология пәні мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді.

               Семинарға биология пәнінен оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалардан жетістіктерге қол жеткізген 46 елордалық мектептен  69 мұғалім қатысты.

              Семинарда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Биотехнология және микробиология кафедрасының доценті м.а., PhD докторы, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің, №6 гимназияның және  «Столичный» мектебінің биология пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

              Семинарға қатысушыларға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге     «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы атынан сертификат  беріледі.