Роботехника фестивалі

Алтыншы жыл қатарынан Қарағанды қаласында «ROBOLAND» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өткізіліп келеді.2021 жылдың 3-4 желтоқсанында өткен фестивальге 11 аймақтан 280 оқушы, 141 команда қатысты.Нұр-Сұлтан қаласының командасы атынан №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінен, №60 МЛ, №68 МГ, №38 МЛ, №40 МЛ және «Орталық» экономикалық мектебінен, барлығы 6 елордалық қатысты.Елордалық оқушылар фестивальде сәтті өнер көрсетіп, келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды:Теңге алуІ орын – Robotek Stars, «Роботек» робототехника мектебі («Орталық» экономикалық мектебі)Шығармашылық категория 2ІІІ орын – 5+1, Нұр-Сұлтан қ. №9 «Зерде» мамандандырылған мектебіCумо GRAND (14-17 жас) номинациясының екінші күн қорытындысы бойынша ІІ орын – RoboPark Astana 1, Нұр-Сұлтан қ Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі. Жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласы ІІІ орынды иеленді. Елордалық оқушыларды және олардың ұстаздарын жүлделерімен құттықтаймыз!