ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, Білім басқармасының бастамасы бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімімен 2021 жылғы 2-15 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының полиция департаменттері өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қоғамының назарын жас ұрпақтың зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан қорғауға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау мақсатында вебинарлар сериясы өткізілуде. 2021 жылғы 2 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданына қарасты мектептерде ата-аналар қоғамдастығының өкілдерімен «Балаларды қатыгездіктен қорғау» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар YouTube-те таратыла отырып, ZOOM интернет-конференциясында онлайн режимінде өткізілді. «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко ата-аналарды қатыгездіктің негізгі түрлерімен: физикалық, жыныстық, психикалық зорлық-зомбылықпен, қорғаншылықтың болмауымен, олардың белгілерімен, балалардың тұлғалық дамуының себеп- салдарымен таныстырды. Балаға қатыгездік көрсету ата-аналарды (олардың орнындағы адамдарды) отбасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін екенін ескертті. Модератор вебинарға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Вебинарға қатысушылар саны- 844 (ZOOM алаңында 96, youtube каналында 844).2021 жылғы 3 желтоқсанда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Александр Николаевич Тесленко Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы білім беру ұйымдарының ата-аналарымен «Жасөспірімдердің психосексуалдық дамуының ерекшеліктері: бұл туралы сөйлесейік» тақырыбында кезекті кездесуін өткізді. Вебинар барысында қоғамда жыныстық қатынастар туралы үндемеу әдетке айналғаны, өйткені ұят деген ұғымның шеңберінен шыға алмаушылық, жыныстық тәрбиенің балалардың қалай пайда болатындығы және оларды қалай дұрыс қорғау керектігі туралы әңгіме ғана емес екендігіне тоқталды. Балалардың жыныстық сала мәселелеріне дұрыс көзқарасын қалыптастыру бойынша медициналық-педагогикалық шаралардың тұтас жүйесі ретінде қарау, басқаша айтқанда-жыныстық қатынас мәдениетінің қалыптасуы баланың жеке және әлеуметтік салада үйлесімді дамуына ықпал ететіні туралы айтылды. Ата- аналардың сұрақтары бойынша дұрыс жыныстық тәрбиеге қандай салалар әсер ететіні, баланың психосексуалдық даму кезеңдері, жасөспіріммен интимдік тақырыптар бойынша не және қалай сөйлесу мәселелері кеңінен қарастырылды. Отбасындағы және одан тыс жерлердегі жыныстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Вебинарға ZOOM алаңында 43, youtube каналында 410, барлығы 453 ата- ана қатысты.