«Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбындағы семинар

2021 жылғы желтоқсан айының 3 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадалардың қарсаңында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға математика пәнінен оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалардан жетістіктерге қол жеткізген 28 елордалық мектептен 35 мұғалім қатысты. Семинарда республикалық физика-математика мектебінің, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің, №66 мектеп-лицейінің, экономикалық лицейдің математика пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылрға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы атынан сертификат беріледі.