Физика пәні мұғалімдеріне арналған семинар

2021 жылғы желтоқсан айының 2 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы физика пәні мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жалпы білім беру пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша «Астана дарыны» ДДжПСО-ның рейтингіне енген 34 елордалық мектептерден физика пәнінің 50 мұғалімі қатысты. Семинарда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Ed-light Аcademy» мамандары, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі мен «NURORDA» мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шараға қатысушылрға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы атынан сертификат беріледі.