«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында вебинар

Мақсаты – қазақстандық жас буынды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін теріс ақпараттардан қорғауға ата-аналар қауымдастығының назарын аудару.

Көрермендер – орта білім беру мекемелері оқушыларының ата-аналары.

Вебинарға қосылу

Іс-шара бағдарламасы

Күні, өткізу уақытыТақырыбыӨткізу тіліМодератор
2 желтоқсан, 16.00 – 17.30Алматы ауданы мектептерінің ата-аналарына арналған «Ата-аналарға балаларды қатыгездіктен қорғау туралы» Орыс тіліндеА.Н. Тесленко – «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесші; А.Аралбаева – ДП инспекторі 
3 желтоқсан, 16.00 – 17.30Байқоңыр ауданы мектептерінің ата- аналарына арналған «Жасөспірімдерді психосексуалдық тәрбиелеудің ерекшеліктері»Орыс тіліндеА.Н.Тесленко – «Астана дарыны» ДДжПСО, ғылыми кеңесші;
Г.Т. Шрахметова – ДП инспекторі 
8 желтоқсан, 16.00 – 17.30Есіл ауданы мектептерінің ата-аналарына арналған «Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» Қазақ тіліндеЛ.Ж.Бодикова«Астана дарыны» ДДжПСО әдіскері;
Г.А. Әнарбек – ДП инспекторі  
9 желтоқсан, 16.00 – 17.30Сарыарқа ауданы мектептерінің ата-аналарымен «Отбасындағы зорлық-зомбылық және қарым-қатынас», әр ата-ана не білу керек?» Қазақ тіліндеТ.С. Сатымбекова – «Астана дарыны» ДДжПСО педагог-психологі;
Д. Тайгожина – ДП инспекторі 

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бастамасы бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі Нұр-Сұлтан қаласы аудандары бойынша полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен 2021 жылғы 2-15 желтоқсан аралығында қазақстандық жас буынды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін теріс ақпараттардан қорғауға ата-аналар қауымдастығының назарын аудару мақсатында бірқатар вебинарлар ұсынады.