Жеңімпаздар марапатталды

2021 жылдың 30 қараша күні Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында №54 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсы ІІ (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізді.

Ғылыми жұмыстарын сәтті қорғаған оқушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. 252 елордалық 8-11 сынып оқушылары тиісті марапаттарын алды, оқушылары үздік нәтиже көрсеткен мектептер «Үздік қалалық команда» аталымымен марапатталды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз, келесі кезеңде сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!