Мақсаты – қазақстандық жас буынды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін теріс ақпараттардан қорғауға ата-аналар қауымдастығының назарын аудару.
Көрермендер – орта білім беру мекемелері оқушыларының ата-аналары.
Вебинарға қосылу
Іс-шара бағдарламасы
Күні, өткізу уақыты | Тақырыбы | Өткізу тілі | Модератор |
2 желтоқсан, 16.00 – 17.30 | Алматы ауданы мектептерінің ата-аналарына арналған «Ата-аналарға балаларды қатыгездіктен қорғау туралы» | Орыс тілінде | А.Н. Тесленко – «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесші; А.Аралбаева – ДП инспекторі |
3 желтоқсан, 16.00 – 17.30 | Байқоңыр ауданы мектептерінің ата- аналарына арналған «Жасөспірімдерді психосексуалдық тәрбиелеудің ерекшеліктері» | Орыс тілінде | А.Н.Тесленко – «Астана дарыны» ДДжПСО, ғылыми кеңесші; Г.Т. Шрахметова – ДП инспекторі |
8 желтоқсан, 16.00 – 17.30 | Есіл ауданы мектептерінің ата-аналарына арналған «Жастар арасында зорлық- зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары» | Қазақ тілінде | Л.Ж.Бодикова – «Астана дарыны» ДДжПСО әдіскері; Г.А. Әнарбек – ДП инспекторі |
9 желтоқсан, 16.00 – 17.30 | Сарыарқа ауданы мектептерінің ата-аналарымен «Отбасындағы зорлық-зомбылық және қарым-қатынас», әр ата-ана не білу керек?» | Қазақ тілінде | Т.С. Сатымбекова – «Астана дарыны» ДДжПСО педагог-психологі; Д. Тайгожина – ДП инспекторі |
ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бастамасы бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі Нұр-Сұлтан қаласы аудандары бойынша полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен 2021 жылғы 2-15 желтоқсан аралығында қазақстандық жас буынды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін теріс ақпараттардан қорғауға ата-аналар қауымдастығының назарын аудару мақсатында бірқатар вебинарлар ұсынады.