V Республикалық «STEM Олимпиада» Ғылым фестивалі

27-28 қараша аралығында  Quantum STEM мектебінің базасында Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларына арналған V Республикалық «STEM Олимпиада» ғылым фестивалі өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының зияткерлік дарынды оқушыларының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының командалары қатысады. Нұр-Сұлтан қаласының 45 мектебінен (№1, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 15, 16, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 58, 59, 60, 64, 65, 66, 68, 70, 72, 73, 74, 76, 77, 80, 82, 83, 84, 85, 86, 87, Alpamys, BINOM, Quantum STEM school, Smart technological school, НЗМ, РФММ) 156 оқушы қатысады.

Олимпиаданы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «STEM Academia» ЖШС, «Назарбаев Университеті» АҚ, «Астана дарыны» ДДжПС орталығы мен Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен «Astana Innovations» АҚ  өткізеді.