Құттықтаймыз!

Мемлекет басшысының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп – интернаты бірлесіп өткізген III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы 2021 жылдың 25-26 қараша күндері 8 -11 сынып оқушылары арасында Алматы қаласында өтті.
Аудандық, облыстық, қалалық іріктеудің жеңімпаздары 4 кезең тапсырмаларын орындады.
Байқаудың республикалық кезеңіне қатысқан Нұр – Сұлтан қаласы
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп – гимназиясының 10- сынып оқушысы Айтжанов Алмас III дәрежелі дипломмен,
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп – гимназиясының 11 – сынып оқушысы Алланиязова Зарина грамотамен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілері : Қашаева Айгүл Оңдағанқызы мен Базарбаева Мария Қонарқызын жүлделі орындарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!