«Ата аналар клубы» аясындағы кездесу

«Ата-аналар клубы» қалалық қоғамдық диалог алаңы аясында 2021 жылғы 25 қарашада №31 мектеп-гимназия базасында  ата-аналардың психологиялық-педагогикалық  білімін  арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Астана дарыны» ДДжПСО  ғылыми кеңесшісі, Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко 6-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен  «Жасөспірімдердің психосексуалдық дамуының ерекшеліктері: бұл туралы сөйлесейік» тақырыбында кездесу өткізді.

Біздің қоғамда жыныстық қатынастар туралы үндемеу әдетке айналған, өйткені тым көп ұялу мен ұят бар.  Жыныстық тәрбие – бұл балалардың қалай пайда болатындығы және оларды қалай дұрыс қорғау керектігі туралы әңгімелер ғана емес. Бұған балалардың жыныстық  тәрбие  мәселелеріне дұрыс көзқарасын қалыптастыру бойынша медициналық-педагогикалық шаралардың тұтас жүйесі кіреді. Басқаша айтқанда, жыныстық қатынас мәдениеті. Бұл баланың жеке және әлеуметтік салада үйлесімді дамуына ықпал етеді.

Кездесу барысында дұрыс жыныстық тәрбиеге қандай салалар әсер ететіні –  баланың психосексуалдық даму кезеңдері, жасөспіріммен интимдік тақырыптар бойынша не және қалай сөйлесу  мәселелері  кеңінен  қарастырылды. Отбасындағы және одан тыс жерлердегі жыныстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу  мәселесіне  ерекше назар аударылды.