Елордалық оқушылар республикалық лингвистикалық олимпиаданың жүлдегерлері тұғырында

             Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңі онлайн режимде  22 қараша күні өткізілді.

             «Астана дарыны»  ДДжПСО-ы  2021 жылдың 22 қараша күні лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне қазылар алқасының шешімімен Ереже талабына сәйкес  олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінде ұпай саны бойынша рейтингі жоғары  №5 гимназияның 10-сынып оқушысы Мадияр Негметжанов және №53 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Тамила Шамхалованың қатысуын ұйымдастырды.

         Лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған екі оқушымыз да жүлделі ІІІ орынды бағындырды.  

Жетістікке жетелеген ұстаздары мен қолдау көрсеткен ата-аналарына алғыс білдіреміз.

      Оқушылардың кезектегі оқу-жаттығу жиындарында білімдерін толықтырып олимпиаданың халықаралық кезеңіне қатысуға мүмкіндік сәтін тілейміз.