Жаратылыстану-математикалық бағытындағы ХІV Президенттік олимпиада

15-18 қараша аралығында Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​университетінде жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша XIV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

Білім додасында еліміздің барлық аймақтарынан 11 (12) сыныптың 182 оқушысы, оның ішінде 10 елордалық оқушы математика, физика, химия және биология пәндерінен бақ сынады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы №6 гимназияның 11-сынып оқушысы Ким Эдуард Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қола медалімен және III дәрежелі дипломымен марапатталды.

Нәтижесінде Ким Эдуард Ақтөбедегі Жұбанов атындағы мемлекеттік университет пен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім грантына ие болды.

Жүлдегерімізді құттықтаймыз және жарқын жеңістер тілейміз!