13 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Атаулы олимпиада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Зерделі» білім беру орталығының серіктестігі аясында ұйымдастырылып, өткізілді.
«Алтын сақа» олимпиадасының мақсаты – олимпиадалық резервті қалыптастыру, математикаға қабілетті оқушыларды анықтау, оқушылардың математикалық ұғымдарды талдауы мен сыни тұрғыдан ойлауын, күрделі есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
215 елордалық 5-6 сынып оқушылары түрлі дәрежедегі дипломдарға ие болды: 1-дәрежелі диплом – 19, ІІ дәрежелі – 80 және ІІІ дәрежелі –58 оқушы. Тағы 58 оқушы грамоталармен марапатталды.
«Алтын дастан» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 496 оқушы қатысып, 108 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың қалалық кезеңі 20 қараша күні барлық аймаққа ортақ бір күнде өткізіледі.
Барша жеңімпаз-жүлдегерлерді құттықтаймыз, және алдағы білім додасында сәттілік тілейміз!