5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңінің қорытындысы

2021 жылдың 12 қарашада 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын, Қазақстан тарихы, математика, қазақ сыныбындағы орыс тілі, орыс сыныбындағы қазақ тілі және жаратылыстану) І (мектепішілік) кезеңі өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 1337 (5-сыныптардан 680, 6-сыныптардан 657) оқушы бірінші мектепішілік кезеңге қатысты.

         Келесі кезеңге барлығы 591 оқушы жолдама алды (5-сыныптан – 295, 6-сыныптан – 296).