Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Сарқылмас қазынаны саф күйінде өскелең ұрпаққа табыстау бүгінгінің міндеті. Мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру мақсатында «Qazaq epos» қоғамдық қорымен «Астана дарыны» ДДжПС орталығы бірлесіп, 6 – 10 сынып оқушылары арасында қараша айының 11-12 күндері «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын өткізді. Бұл жоба Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында қолға алынған.
Екі күн қатарынан Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары мектептерінің оқушылары өнер көрсетті. «Ер Едіге» жырын толық жатқа оқу, Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің негізгі тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беру, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән- мағынасын түсіндіру, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру сияқты байқау талаптарын сәтті орындаған жүлдегерлер:
Алматы ауданы бойынша:
Сұраныс берген оқушылар саны: 66
Ауырып қалғандар мен дайын емес оқушылар саны: 26
Қатысқан оқушылар саны: 40
Бірінші орын: 86 МГ 7- сынып оқушысы Шырынбай Кәусар
Екінші орын: 38 МЛ 6- сынып оқушысы Шырынбай Қарақат
Үшінші орын: 72 МЛ 10 сынып оқушысы Дархан Дариға
Байқоңыр ауданы бойынша:
Сұраныс берген оқушылар саны: 44
Ауырып қалғандар мен дайын емес оқушылар саны: 31
Қатысқан оқушылар саны: 13
Бірінші орын: 54 МЛ 7- сынып оқушысы Марат Гүлназым
Екінші орын: 16 ОМ 6- сынып оқушысы
Үшінші орын: 55 ОМ 7 сынып оқушысы
Серікбаева Майра
Есіл ауданы бойынша:
Сұраныс берген оқушылар саны: 37
Ауырып қалғандар мен дайын емес оқушылар саны: 18
Қатысқан оқушылар саны: 19
Бірінші орын: 81 AES 7- сынып оқушысы Әбдірашева Ақгүл
Екінші орын: БИЛ /ұл/ 7- сынып оқушысы Абдыхалықов Архат
Үшінші орын: 77 МГ 8- сынып оқушысы Орынбек Ердос
Сарыарқа ауданы
Сұраныс берген оқушылар саны: 67
Ауырып қалғандар мен дайын емес оқушылар саны: 38
Қатысқан оқушылар саны: 29
Бірінші орын: 40 МЛ 8- сынып оқушысы
Төлеубаева Айым
Екінші орын: 7 МГ 6- сынып оқушысы
Жолбарыс Кәусар
Үшінші орын: 40 МЛ 8- сынып оқушысы
Асылхан Мерей
«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңінен сүрінбей өткен жүйріктер қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезең 15 қараша күні Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында өтеді. Сол күні жеңіске жеткен оқушы 26 қарашада өтетін республикалық кезеңде елорда намысын қорғайтын болады.
Жүлдегерлерге сәттілік тілейміз!