2021 жылдың қараша айының 11-і күні «Астана дарыны» ДДжПСО жұмыс жоспарына сәйкес шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы қалалық кезеңінің бірінші күнін өткізді.
Конкурстың қалалық қорытынды кезеңіне 31 білім беру мекемелерінен 38 психолог қатысады.
Қатысушылар үш саты бойынша іскерліктерін көрсетеді:
І саты жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі мамандар тапсырманы орындау барысында кәсіптік деңгейлерін, жалпы мәдениеттерін және интеллектуалдық дамуын, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеттерін көрсетеді;
ІІ саты 3 ылдан 7 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтер кәсіптік шеберліктері (ата-аналар, балалар және педагогтермен жұмыс жасау) мен қабілеттерін көрсетіп, білім процесіндегі проблемалық жағдайаттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жанжақтылығы және мәдениеттерін көрсетуге бағытталған тапсырмаларды орындайды;
ІІІ саты бойынша жұмыс өтілі 7 жылдан астам мамандар кәсіби шеберлігінің практикалық деңгейін, білім беру мазмұнын игеру, әдістемелік дайындығын, өз іс-әрекетін жобалау, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейлерін көрсетеді.
Қалалық конкурстың жеңімпаздары «Үздік жыл психологі» конкурсының ақтық кезеңіне жолдама алады және республикалық конкурста елорда намысын қорғайтын болады.
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!




