Үздіктердің үздігі!


Елордалық жас зияткерлер көпшілікті өз жеңістерімен қуантуды жалғастыруда!

Кезекті рет Нұр-Сұлтан қаласы 1 алтын, 1 күміс медаль иеленіп, физика бойынша білім биіктігін көрсете білді.

Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO-2021) рейтінгісінде көш бастап тұрған 20-ға жуық алыс-жақындағы мемлекеттердің дарынды оқушылары атаулы білім додасында үш тәулік бойы бақ сынады.
2021 жылдың 7-13 қараша аралығында Өзбекстанның Ферғана қаласында алғаш Ахмед әл-Фарғани атындағы халықаралық физика олимпиадасы өтуде. Қазақстан атынан 2 ғылыми жетекшінің жетекшілігімен 8 оқушы қатысты.
Ел құрамасына енген елордалық екі оқушымыз да үздік нәтиже көрсете білді.
Олимп шыңын кезекті рет бағындырған біздің жұлдыздарымыз:
Назарбай Нұрдәулет, «NURORDA» МЛ, Нұр-Сұлтан қ. – алтын медаль!
Нахып Ердәулет- «NURORDA» МЛ, Нұр-Сұлтан қ. – күміс медаль!
Табысты нәтижеге қол жеткізген жеңімпаз жұлдыздарымызды құттықтаймыз және алдағы білім сайыстарында сәттілік тілейміз!