Республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі бойынша қорытынды


«Астана дарыны» ДДжПСО-ы 2021 жылдың 11 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың
ІІ (қалалық) кезеңін №11 мектеп-лицей базасында өткізді.
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңіне алдыңғы өткен аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша рейтингі жоғары 25 білім беру мекемесінің (№№9,75,91,16,71,6,11,ЭЛ,82,31,5,1,72,53,БИЛ(қыз), МКНО,35,
17,3,79,БИЛ(ер),81,4,76,47) 8-11 сынып оқушылары арасынан барлығы 34 оқушы (8- сынып -3, 9-сынып – 7, 10-сынып -14, 11-сынып -10) қатысты.
Олимпиаданың 22 қараша күні ұйымдастырылатын ІІІ (республикалық) кезеңіне қатысуға қазылар алқасының шешімімен Ереже талабына сәйкес ұпай саны бойынша рейтингі жоғары 2 жеңімпаз оқушы (№5 Г, №53МЛ) жолдама алды.
Сонымен қатар төмендегі білім беру мекемелерінің оқушылары жүлдегерлер қатарын толықтырды:
ІІ орын – 4 (№№79,82,5,76)
ІІІ орын – 6 (№№72, БИЛ (қыз), 9, 17, БИЛ (ер), №4)
Грамота -8 (№№6(2), 16, 31, 9,ЭЛ, 3, 81)