Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына.
«Qazaq epos» қоғамдық қорымен «Астана дарыны» ДДжПС орталығы бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 6 – 10 сынып оқушылары арасында қараша айында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының өтетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.
Байқаудың талаптары:
– «Ер Едіге» жырын толық жатқа оқу;
– Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің негізгі тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беру;
– жырда кездесетін көнерген сөздердің мән- мағынасын түсіндіру;
– қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру.
Байқаудың кезеңдері:
- аудандық кезең:
Алматы, Байқоңыр аудандары 11 қараша күні №70 мектеп- лицейінде (Майқайың 1),
Есіл, Сарыарқа аудандары 12 қараша күні №66 мектеп- лицейінде (Д.Қонаев 33/1);
- қалалық кезең:
16 қараша күні Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында (Б.Момышұлы 5) өтеді. Қалалық кезеңге әр ауданнан 3 (үш) оқушы, яғни 12 оқушы қатысады;
- республикалық кезеңнің өтетін уақыты қосымша хабарланады.
Республикалық кезеңге қалалық кезеңнен І орын алған 1 (бір) оқушы жіберіледі.
Байқаудың талаптарына сәйкес қатысуға үміткер оқушылардың сұранысы алдын ала http://tiny.cc/qazaqepos сілтемесі бойынша қабылданды.
Қосымша ақпараттар мен батырлар жырының электронды нұсқасын www.qazaqepos.com ресми сайтынан алуға болады.