5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада

Мектепшілік кезеңінің қорытыңдысы.

Олимпиадаға қалай қатысуға болады?

  • Олимпиада Google Form тестілеу арқылы жүзеге асырылады. Жеткізу уақыты-60 минут. Жауаптарды қабылдаудың соңғы уақыты: 11: 00 сағат.
  • Олимпиаданы өту үшін сілтеме Астана дарыны телеграм-каналында 12 қараша сағат 10:00-де ашылады жарияланады https://t.me/astanadaryny/340.
  • Әр қатысушының компьютерінде телеграмм-арнаны алдын ала ашу қажет.
  • Бір google аккаунтынан google-форманы толтыру қатесін болдырмау үшін барлық google-аккаунттардан шығу немесе әр қатысушының компьютерінде инкогнито режимінде (Shift+Ctrl+N) браузерді іске қосу қажет.
  • https://t.me/astanadaryny/340 сілтеме бойынша өтіп олимпиадаға қатысыңыз.
  • Олимпиада ережелеріне сәйкес апелляция өткізілмейді.
  • Нәтижелері сайтта http://astanadaryny.kz, әлеуметтік желілерде ((Telegram, Facebook, Instagram) қол жетімді болады және мектептердің электрондық пошталарына жіберіледі.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылдың 28 қазандағы №550/15-11-04 хаты негізінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада келесі пәндер бойынша (Қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде
оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі) 4 (төрт) кезеңде өткізілетінін хабарлайды. Барлық кезеңдер бір турдан өткізіледі.

Олимпиаданы өткізу ережелері.

Олимпиада кезеңдері:

  • бірінші (мектепішілік) кезең – 12 қараша;
  • екінші (аудандық) кезең – 26 қараша;
  • үшінші (қалалық) кезең – 7 желтоқсан;
  • төртінші (қорытынды) кезең – 13 желтоқсан.

5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының оқушыларынан ұсыныстар қабылдау аяқталды.

Алматы, Шымкент қалалары, Қазақстан Республикасының облыстарының білім беру ұйымдарынан қатысушылардың ұсыныстары бойынша тиісті өңірлік «Дарын» орталығына хабарласыңыз.

Мектепшілік кезең өткізу форматы: Google form тестілеу. Олимпиадаға аталған пәндер бойынша әр параллельден 1 оқушы (5-сыныптан – 8 оқушы, 6-сыныптан – 8 оқушы, әр мектептен барлығы 16 оқушы) қатыса алады.

Олимпиадаға сұраныс 2021 жылдың 10 қарашаға дейін сілтеме бойынша қабылданады. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қалалық кезеңде І орын алған, әр пән мен сынып бойынша ең жоғары балы бар 1 жеңімпаздан аспайтын оқушылар қатысады. Барлық кезеңдердің тапсырмалары «Дарын» РҒПО-дан
ұсынылатын болады.