2021 жылдың 3 қараша күні №15 мектеп-лицейінде ата-аналармен жұмыс барысында сынып жетекшілерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында п.ғ. д., с.ғ.д., профессор, Александр Николаевич Тесленконың жетекшілігімен «Ата-аналармен жұмыстың белсенді түрлері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға 23 сынып жетекшілері қатысты. Қатысушылар қазіргі заманғы ата-аналардың (Х және Y ұрпақтарының) ұрпақ ерекшеліктерін, ата-аналармен дәстүрлі емес жұмыс түрлерін, оқыту проблемалары бар және тұрмысы қолайсыз отбасылардағы балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктерін талқылады.
А.Н. Тесленко «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының үйлестірушісі ретінде ата-аналармен қарым-қатынас жасау және ата-аналардың әртүрлі санаттарымен бейресми қарым-қатынасты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Жақын күндері мектеп-гимназия базасында «Ата-аналар клубын» өткізу туралы келісім жасалды.