«Qabilet» қызметі 10-11 жастағы оқушыларды диагностикалауды бастады!

«Qabilet» қызметі 10-11 жастағы оқушыларды диагностикалауды бастады!

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» қызметі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен «Ел Үміті» бастамасын іске асыруда.

Осы бастама аясында 10-11 жастағы оқушыларды тестілеуден өтуге және төрт бағыт:

сыни ойлау,

креативтілік,

коммуникация және

коллаборация

бойынша қабілеттерін анықтауға шақырамыз.

Қызмет тегін ұсынылады және әр оқушыға қолжетімді.

Тестілеуден өту үшін Елбасы академиясының Qabilet.elbasyacademy.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинетте тест тапсыру қажет.

Оқушы өз ЖСН білу керек және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда (Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары) 20-26-83  нөмірі бойынша «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» қызметіне  немесе 8 800 080 48 48 нөмірі бойынша «Елбасы академиясы» Call орталығына хабарласуға болады. 

Call орталық сағат 9.00-18.00 аралығында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс істейді (күн сайын), Call орталыққа қоңырау шалу тегін.