Ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 2 қарашасы күні Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясында «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының қолдауымен «Ыбырай Алтынсарин – Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конфереция мақсаты: Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның көзқарастарын жаңа білім беру жүйесінде іске асыру.
Конференция офлайн және онлайн форматта өткізілді. Интернет-конференцияны ұйымдастырудың арқасында конференция ауқымы кеңейіп, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуына мүмкіндік туды.
Конференцияның шымылдығы ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінен көрініс беретін театрландырылған қойылыммен басталды.
Қойылымнан кейін құттықтау сөз сөйлеген қонақтар:
Ғани Бектайұлы Бейсембаев – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті;
Күптілеуова Бағымкүл Әбубәкірқызы – Нұр-Сұлтан қаласы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы;
Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры;
Құлмағамбетова Ақслу Шынбулатқызы – Білім беруді жаңғырту орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері;
Ким Леонид Леонидович – Қазақстандағы ЮНЕСКО қауымдастығы мектептерінің ұлттық үйлестірушісі;
Мұхамеджан Болысбек – «Нұр-Отан» партиясының Алматы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
Жұматаев Ернар Урбанбекұлы – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жетекшісі.
Конференцияның пленарлық бөліміндегі баяндамашылар:
Серікбай Оспанов – ақын, публицист, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің профессоры;
Метин Экичи – филология ғылымдарының докторы, Эгей университетінің профессоры, Измир, Түркия;
Қалқаман Хасенұлы Жақып – философия ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің профессоры;
Сейфитден Назымбекұлы Сүтжанов – филология ғылымдарының докторы, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры;
Алмасбек Ахметұлы Әбсадық – филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің профессоры;
Болат Сағынбекұлы Қорғанбеков – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Шынар Қапантайқызы Құрманбаева – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры;
Экрем Аян – PhD доктор, Мұғла Сыткы Кочман университетінің доценті, Түркия;
Гүлбану Күлетқызы Сәрсек – Торғай музей кешенінің директоры.
Мұндай конференциялар шетелдік әріптестерден инновациялық жобалар, ауқымды ғылыми әзірлемелер, жаңа зерттеулер туралы білуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Конференция барысында кең ауқымды өзекті мәселелер талқыланып, Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық мұрасын зерттеуге қатысты баяндамалар тыңдалды.
Конференцияның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, алдағы уақытта ғылыми конференцияда ұсынылған материалдар жинағы шығарылады. Сондай-ақ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу туралы шешім қабылданды.