«Ғылыми зерттеу әдіснамасы» оқыту семинары

2021 жылдың 2 қарашасы күні № 6 мектеп-гимназиясында онлайн конференция режимінде оқушылардың зерттеу жобаларының педагог-басшылары үшін «Ғылыми зерттеу әдіснамасы»  тақырыбында оқыту семинары өтті.

  Семинарға 69 пән мұғалімдері, оның ішінде серіктес мектептер қатысты.  

 «Астана дарыны»  ДДжПСО  ғылыми кеңесшісі, ҚПҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Тесленко Александр Николаевич екі сағаттық вебинар шеңберінде зерттеу қызметінің әдіснамалық негіздерін ғана емес, зерттеу жұмысы әдістерінің мәнін ашып,  дарынды балалармен ғылыми-зерттеу қызметіне өзінің құзыретті көзқарасын  білдірді.