Республикалық VIII «Ақберен» өнер байқауы

    Шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық VIII «Ақберен» өнер байқауы 2021 жылы  29-31 қазан  күндері Ақтөбе  қаласында 8 -11 сынып оқушылары арасында өтті. Байқау  6 бағытта өткізілді:

1. Шешендік, білгірлік сайысы;

2. Көркемсөз оқу;

3. Эссе жазу;

4. Ұлттық аспапта өнер көрсету;

5. Ақындар айтысы;

6. Ақындар мүшәйрасы. 

    Еліміздің барлық облыстарынан 100 – ге  жуық оқушы қатысқан байқауда елордалық оқушылар да бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды:

      «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы:

      III  орын – Арғынбаева Ұлпан, 9-сынып, №87 мектеп – гимназиясы;

       «Шешендік,білгірлік сайысы» номинациясы:

      III орын   – Алланиязова Зарина, 11-сынып, №80 мектеп –гимназиясы;               

  Жүлдегерлерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!