«Астана дарыны– 2021» кубогі

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 29-30 қазан күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Астана дарыны» орталығының 15 жылдығына орай мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында  спорттың тоғызқұмалақ, волейбол және үстел теннисі түрлерінен «Астана дарыны-2021» кубогіне арналған спорттық жарыс өткізді.  Іс-шараға 10 команда қатысты:

 1.Нұр-сұлтан қаласы « Білім беруді жаңғырту орталығы» ұжымы

2. «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұжымы

3.Әл- Фараби атындағы Оқушылар сарайының ұжымы

4. №1 балалар музыка мектебіні ұжымы!

5. № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебі командасы

6. №81 гимназияның «AstanaEnglishSchool» командасы

7. №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі ұжымы

8. №87 мектеп-гимназия ұжымы

9. Қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты ұжымы

10.«Астана дарыны» командасы қатысты.

Спорттық жарысымыздың ашылу салтанатына:

1. «Әділет» кәсіподақ ұйымының төрағасы Алиев Батыр Алиұлы;

2. «Шығыс» спорт-жасөспірімдер орталығының директоры  Нұрлан Ескендірұлы Тәженов;

3. «Астана дарыны»  дарындылықты  дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Тұрсынов  Ғаждембек  Куанышұлы – қатысты.

Спорттық іс-шарамызды салтанатты түрде ашылу рәсімінің алғашқы құттықтау сөзін «Шығыс» спорт-жасөспірімдер орталығының директоры  Нұрлан Ескендірұлы Тәженов мырза спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.  

«Әділет» кәсіподақ ұйымының төрағасы Алиев Батыр Алиұлы мен «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлы спортшыларымызды  марапаттап, жеңімпаздарға «Астана дарыны» кубогін табыс етті.

Спорт сайысының қорытындысы бойынша марапатталған командалар:

Бас жүлде – «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұжымы

(Ақшалай сыйлық 50 мың теңге).

1 орын – Әл- Фараби атындағы Оқушылар сарайының ұжымы

(ақшалай сыйлық 40 мың теңге).

2 орын – №81 гимназияның «Astana English School» командасы (ақшалай сыйлық 30 мың теңге).

3 орын – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі ұжымы (ақшалай сыйлық 20 мың теңге)

3 орын – №87 мектеп-гимназия ұжымы.

Жүлдегер-жеңімпаз әріптестерімізді құттықтаймыз!