«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесе отырып 2021 жылдың 28 қазанда 7-8-сыныптар арасында география пәнінен І Ұлттық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты: оқушыларды география пәнін тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.☑️Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:🔵І кезең (мектепішілік) – 28 қазан;🔵ІІ кезең (аудандық) – қараша айында;🔵ІІІ кезең (қалалық) – 2022 жылдың ақпан айында. Олимпиаданың мектепішілік кезеңі Google форма арқылы өтті. Мектепішілік кезеңге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 98 білім беру мекемелерінен 1373 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге 338 оқушы (24,6 пайызы) өтті.