Нұр – Сұлтан қаласы білім беру мекемелері 2- 4 сынып оқушылары арасында өтіп жатқан І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы 2021 жылдың 29 қазан күні №11 мектеп- лицейінде І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын өткізіп жатыр. «Әдебиет әліппесі» оқулары ауыз әдебиетінің кең таралған жанры  – ертегілерге арналды.

Байқау төрт бағытта өтіп жатыр:

1. «Өнер алды….» – ертегіні мәнерлеп, жатқа оқу номинациясында оқушылар:

1. Аяз би

2. Керқұла атты Кендебай

3. Алтын сақа

4. Ер Төстік

5. Күн астындағы Күнекей қыз ертегілерін жатқа мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар қазылар алқасы тарапынан ертегі жанрына, жалпы жаттаған шығарманың мазмұнына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Шығарманы жатқа білуі және нақышына келтіре оқуы, мазмұнын түсінуі мен қабылдауы, дауыс ырғағы, тіл тазалығын сақтауы, сахна мәдениетін меңгеруі бағаланды.   

 2. «Ойлан, тап» – берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясында оқушылар арнайы дайындалған кеспе қағаздағы сөздер мен сөз тіркестерінен өлең құрастырып  жазды. Қатысушының поэтикалық қабілеті, тапқырлығы бағаланды.

 3. «Алтын сақа» – шығарманы   жалғастыру номинациясында қарсыластар төменде берілген ертегілерді кезекпен жалғастырады. Қатысушының жылдамдығы, ой жүйелілігі, тіл тазалығы бағаланды.

1. Түлкі, қойшы, аю

2. Мақта қыз бен мысық

3. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

4. Қаңбақ шал

5. Керқұла атты Кендебай

4. «Ақ желкен» – шығармашылық жұмыс номинациясында қатысушы арнайы дайындалған 3 тақырыптың біреуін таңдап, 1 сағат көлемінде ертегі жазды. Қатысушының теориялық білімі мен шығармашылық қабілеті, өз ойын көркем тілмен әсерлі жеткізуі және сауатты жазуы ескерілді.

                «Әдебиет әліппесі» оқулары қатысушыларының жазбаша жұмыстары «Астана дарыны» орталығының сайтына салынды https://t.me/astanadaryny/332. Сонымен қатар, ауызша номинациялардың тікелей эфирде «Астана дарыны» орталығының Ютуб каналынан https://t.me/astanadaryny/332 қарай аласыздар.