2021 жылғы 28 қазан күні «Qazaq epos» қоғамдық қорымен «Астана дарыны» ДДжПС орталығы бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
6 – 10 сынып оқушылары арасында қараша айында өтетін «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының баспасөз конференциясын өткізді. Аталған іс- шараға «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алимкулов Еркеғали Амантайұлы, «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауының жетекшісі Абдоллаев Арман Талғатұлы, «Астана дарыны» ДДжПС орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы қатысты.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.
Байқаудың талаптары:
– «Ер Едіге» жырын толық жатқа оқу;
– Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің негізгі тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беру;
– жырда кездесетін көнерген сөздердің мән- мағынасын түсіндіру;
– қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру.
Байқаудың кезеңдері:
- аудандық кезең:
Алматы, Байқоңыр аудандары 11 қараша күні №70 мектеп- лицейінде (Майқайың 1),
Есіл, Сарыарқа аудандары 12 қараша күні №66 мектеп- лицейінде (Д.Қонаев 33/1);
Алматы ауданы бойынша – 66 оқушы
Байқоңыр ауданы бойынша – 44 оқушы
Есіл ауданы бойынша – 37 оқушы
Сарыарқа ауданы бойынша – 67 оқушы қатысады.
Барлық оқушы саны – 214 оқушы
Оқушы дайындайтын мұғалімдер саны: 164 мұғалім
Мектеп- лицейлер – 22
Мектеп- гимназиялар – 20
Гимназиялар – 4
Орта мектептер – 11
Маманд.мектептер – 4
Қатысатын барлық мектептер саны: 61 мектеп
- қалалық кезең:
16 қараша күні Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында (Б.Момышұлы 5) өтеді;
Қалалық кезеңге әр ауданнан 3 (үш) оқушы, яғни 12 оқушы қатысады.
- республикалық кезеңнің өтетін уақыты қосымша хабарланады.
Республикалық кезеңге қалалық кезеңнен І орын алған 1 (бір) оқушы жіберіледі.
Байқаудың аудандық жүлде қоры:
І орын – 150.000 теңге
ІІ орын – 100.000 теңге
ІІІ орын – 50.000 теңге
Байқаудың қалалық жүлде қоры (оқушыларға):
І орын – 750.000 теңге
ІІ орын (2 оқушы) – 350.000 теңгеден
ІІІ орын (2 оқушы) – 200.000 теңгеден
Байқаудың қалалық жүлде қоры (мұғалімдерге):
І орын – 1.500.000 теңге
ІІ орын (2 мұғалім) – 700.000 теңгеден
ІІІ орын (2 мұғалім) – 400.000 теңгеден
Байқаудың талаптарына сәйкес қатысуға үміткер оқушылардың сұранысы алдын ала http://tiny.cc/qazaqepos сілтемесі бойынша қабылданды.
Қосымша ақпараттар мен батырлар жырының электронды нұсқасын www.qazaqepos.com ресми сайтынан алуға болады.

