2021 жылдың 28 қазаны күні Нұр -Сұлтан қаласының
№ 4 мектеп-гимназиясында онлайн форматта «Үлгілі ата-аналар мектебі: сіздің бала бейімделу кезеңінде» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты: ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Ж. Бодикова кездесу барысында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына баланың бейімделу кезеңінен қалай өту керектігі, сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасау үшін баланың қандай психологиялық ерекшеліктері болуы керектігі жөнінде ұсыныстар берді. Вебинарды ұйымдастырған №4 мектеп гимназиясының педагог-психологі Мошке Аршагүлге тақырыпқа байланысты сауалнама қойылып, тиісінше жауаптар алынды. Вебинарға 45 белсенді ата-ана қатысты.