«Астана дарыны» ДДжПСО-ы 2021 жылдың 27 қазан күні 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың
І (аудандық) (әрі қарай Олимпиада) кезеңін №11 мектеп-лицей базасында өткізді.
Олимпиадаға орталықтың ақпараттық хатына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен қолданбалы лингвистикаға қабілеті жоғары бір оқушыдан, мамандандырылған мектептерден 3 оқушыдан және квотадан тыс 2019-2020 оқу жылындағы жүлдегер-финалистер қатарынан Нұр-Сұлтан қаласының 77 білім беру мекемесінен 8-11 сынып оқушылары арасынан барлығы 104 оқушы (8- сынып – 11, 9-сынып -25, 10-сынып 40, 11-сынып -28) қатысты.
Олимпиаданың 11 қараша күні ұйымдастырылатын ІІ (қалалық) кезеңіне қазылар алқасының шешімімен 25 мектептен рейтингісі жоғары барлығы 37 оқушы :
8-сынып – 3 оқушы (№№9,75,91)
9-сынып –7 оқушы (№№16,71,6,11,ЭЛ,82,31)
10-сынып 15 оқушы (№№5,1,ЭЛ,72,53,6,БИЛ(қыз)(3), МКНО,35,31,9,17,3 )
11-сынып – 12 оқушы (№№79,64,5,82,17, БИЛ(ер)(2), 81,4,76,6,47) өтті.