«ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңі

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылдың 25 қазанындағы №541/15-11-06 хаты негізінде «ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің өтетіндігін хабарлайды.

Қалалық ғылыми жобалар конкурсына қатысушылардың тізімін 2021 жылғы қазан айының 29–на дейін көрсетілген сілтеме http://tiny.cc/ProEco_2021 бойынша тіркелу керек.

Мақсаты:оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу; экологиялық сауаттылықты арттыру; экологиялық мәдениет қалыптастыру; табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

         Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:

І кезең – мектепішілік;

ІІ кезең – қалалық (іріктеу);

ІІІ кезең – республикалық.

Конкурсқа 5-8 сынып оқушылары қатыса алады, әр мектептен 4 оқушы тіркейсіздер.

Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:

1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт – «Мені қоршаған әлем- ғажайып әлем»;

3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт – «Таза қала сізден басталады».

Қосымша мәліметті мына мекен–жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел 55/13, пост-5, С2.1, ұ.т.87021228396.