«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жұмыс жоспарына сәйкес «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесе отырып 2021-2022 оқу жылында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиада 3 кезеңнен, екі тілде өтеді:
І кезең (мектепішілік) – 28 қазан күні, сағат 10:00-де Googlee формада онлайн режимде өтеді;
ІІ кезең (аудандық) – қараша айында;
ІІІ кезең (қалалық) – 2022 жылдың ақпан айында;
Олимпиадаға білім беру мекемелерінің сұранысы негізінде әр параллельден 10 оқушы (7 сынып – 10 оқушы, 8 сынып – 10 оқушы) қатыса алады.
Олимпиадаға сұраныс 2021 жылдың 23 қазанына дейін көрсетілген сілтеме http://tiny.cc/ulttyq_olimpiyada_7_8 бойынша қабылданады.